Кері қайту
Әкім Ысқақ

Әкім Ысқақ (1960 ж.т.) – ақын, журналист, қоғам қайраткері. Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, Бөржар ауылында туған.

Балаларға арналған «Котлет» атты тұңғыш сықақ әңгімесі 1977 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде басылған. 

«Ерен еңбегі үшін», «Астанаға 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астана» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Құрмет грамотасымен марапатталған. Моңғолияның «Шыңғысхан» медалінің иесі. Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі.

Шығармалары: «Қарлығаш». Өлеңдер. Жас ақындар жинағы. А., «Жалын», 1987; «Желтоқсан құрбандарын жоқтау». Ұжымдық жинақ. А., «Жалын», 1992; «Бір физиктің махаббаты». Сықақ өлеңдер. «Жібек жолы», 1993; «Айтшы, өмір». Өлеңдер жинағы. 1994; «Үш жүздің басын қосқан Ордабасым». Тарихи танымдық кітап. «Жібек жолы», 1994; «Абзалдық әліппесі». 1996; «Гүл қауызындағы тамшы». Өлеңдер жинағы. «Нұрлы әлем», 1998; «Адам іздеп жүрмін». Эссе. «Нұрлы әлем», 1999; «Бақыт жолы». Әндер жинағы. 2001; «Жүректегі жазулар». Эссе. «Сенім», 2002; «Күн ұлымын». Өлеңдер. «Сенім», 2002; «Жан жаңбыры». Өлеңдер. «Елорда», 2003; «Бек». Эссе. 2004; «Біздің Бапақ». Балаларға арналған сатиралық өлеңдер. «Ғасыр», 2005; «Записки сердца». Эссе. 2002; «Мелодий дождя». 2002;