Інісіне төрттегі
«Әліппесін» алып кеп.
Ары-бері парақтап,
Былай деді Салықбек:
– Әріп оқу оңай ма,
Мен оқимын қалайда.
Қандай сөз боп шыққанын
Сен айтып бер, жарай ма?!
«Т-т-е-е-р-е-зее...»
Не болды?
Қәне,
Қалай дұрысы?
– Әй-нек! – деді жымиып,
Ойланбастан інісі.
Кері қайту
ӘЙНЕК