Кері қайту
Біз туралы
«Тәтті Алма» 4 жастан 10 жасқа дейінгі балаларға арналған тапсырмалары, жаттығулары және ойын симуляторлары бар интерактивті ойын түріндегі сайт. Мұнда мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балалардың білім деңгейін арттырудың ең озық әдістері және қазақ тілін басынан үйренуге қажетті барлық нәрсе бар.

Платформаның бірегейлігі - алғашында балалар сайтты ересектердің көмегімен меңгерсе, кейін сабақты өз бетінше жалғастыра алады. Солайша, ата-аналар үшін балаларының нәтижелеріне қуану ғана қалады. Сондай-ақ, сайтта мектепке дейінгі және бастауыш мектеп мекемелері үшін қазақ және орыс тілдерінде оқытудың өзекті дидактикалық материалы бар. Барлық тапсырмалар мемлекеттік тілді дамыту Қоры құрастырған «Тәтті Алма» жинақтарының негізінде жасалған.

Сайттың мақсаты: қазақ тілін интерактивті түрде іздену мен оқытудың ең танымал көзі болу.

Көзделген аудитория: 4 пен 10 жас аралығындағы балалар, олардың ата-аналары, сондай-ақ бастауыш сынып мұғалімдері, балабақша тәрбиешілері мен балалар орталықтарының тәрбиешілері.

Сайт екі негізгі функцияны біріктіреді:

- олардың біріншісі бастауыш сынып оқытушыларына бағытталған және оларды қазақ тілінде оқыту контентімен қамтамасыз етуді көздейді;

- екіншісі-балаларға арналған ойын түріндегі білім беру бағдарламасы.
Біздің іс-шаралар фотогалереясы
Кері байланыс
Құрметті келушілер, балаларға білім беру порталын әзірлеген және жүргізетін Мемлекеттік тілді дамыту қоры.

Ұсыныстар мен ескертулер үшін келесі телефон мен электрондық пошта мекенжайын пайдалануға болады:
Редакция телефоны — 8 (7172) 27-26-09
Электрондық поштаinfo@qazaq-found.kz

Портал әкімшілігі мына мекенжай бойынша орналасқан:
010000, Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев 12/1