Кері қайту
КІМ КІНӘЛІ?

Бапақ шықты тақтаға,
Көздегені «бес» еді.
Жазды есепті мақтана
Үйге берген кешегі.
 
– Шығармапсың ойланып,
Дұрыс емес мынауың.
Жүрдің бе не, қой бағып,
Екі! – деді мұғалім.
 
Бапақ түсіп кекілі:
– Қиянат қой оныңыз.
Маған емес,
Екіні, –
Деді, – Бекке қойыңыз!
 
Кеше ойнап күнімен,
Шығып кетіп есімнен,
Жаңа Бектің мұны мен
Дәптерінен көшіргем...