– Конфеттің бұл ұнарын
Сездіріп тұр жанарың.
Соның қайдан шығарын
Білесің бе, қарағым? –
Деп апасы осылай,
Сұрақ қойды қызына.
Бұл сұраққа тосылмай,
Жауап берді қызы да:
– Білемін ғой, әрине,
Баламын ғой тісқаққан.
Конфеттердің бәрі де
Шығады ғой шкафтан...
Кері қайту
«БІЛЕМІН ҒОЙ»