Кері қайту
Арасанбай Естенов

Естенов Арасанбай Жексенұлы, Арасан Қоныс (18.12. 1953 жылы туылған, Ақсу ауданы, Арасан ауылы) — жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1993).

1980 ж. ҚазМУ-ді бітірген. Еңбек жолын құрынысшы болып бастады. Қапал (қаз. Ақсу) ауданы газетінде қызмет істеген. 1985-2000 ж. "Жазушы" баспасында редактор, жетекші-редактор. 2002 ж. ақпан айынан "Білім" баспасында бас редактор. 1982 ж. "Шырғалаң" атты тұңғыш повесі "Таң нұры" ұжымдық жинағына енді. "Ауылтаңы" (1985), "Баянжүрек баурайында" (1987), "Тасжарған ерте көктейді" (1991), "Айжаңғырық" (1996), "Жансауға" (2002) атты повестер мен әңтімелер жинағы, "Әліппемен қоштасу" (1997), "Мектептегі мейрамдар" (2002) сынды балаларға арналған өлең кітаптары шыққан. Естенов үздік шығармаларға жарияланған республика жабық байқаудың 2 дүркін (1997,1986) жүлдегері. 1995 ж. "Шырмауық" повесі үшін "Жалын" баспасы ұйымдастырған шытырман оқиғалы шығармалардың жабық бәйгесінде 2-ші орынды иеленді.