Кері қайту
Кіріспе (Ұзынқұлақтан)

- Тәнті қылған әніне,

Құлан жүйрік термеге

Әлгі біздің Әміре

Бармақ  дей ме көрмеге?!.

 

- Еуропа  көгінде

Қалықтатып қыранша.

Ұлы Париж төрінде

Сынап көрмек Франса[1].

 

Желдей ескен бұл хабар

Қайран қылып жаранды.

Жаңалық боп бір сонар,

Аймаққа тез таралды.

 

«Жел соқпаса бекерден

Шөптің басы тербелмес.»

Дәм бұйырып шет елден,

Жүрмек міне, керуен-көш.

 

Бетке алып Парижді

Шыққан ұлы сапарға,

Жұлдызқұрты тәрізді

Зымырайды отарба.



[1]. Франция