- Тәнті қылған әніне,
Құлан жүйрік термеге
Әлгі біздің Әміре
Бармақ дей ме көрмеге?!.
- Еуропа көгінде
Қалықтатып қыранша.
Ұлы Париж төрінде
Сынап көрмек Франса[1].
Желдей ескен бұл хабар
Қайран қылып жаранды.
Жаңалық боп бір сонар,
Аймаққа тез таралды.
«Жел соқпаса бекерден
Шөптің басы тербелмес.»
Дәм бұйырып шет елден,
Жүрмек міне, керуен-көш.
Бетке алып Парижді
Шыққан ұлы сапарға,
Жұлдызқұрты тәрізді
Зымырайды отарба.