Кері қайту
Парижде

Аманаты Ахаңның

Көкейінде жаңғыра,

Келіп түсті шаһардың

Келбет-көркі таң қыла.

 

Самаладай жайнаған

Сән-салтанат келісті.

Қошаметшіл айналаң,

Жұмақ  дерлік жер үсті.

 

Сарайлар ақ шағала,

Көшелері оқтаудай.

Алуан сансыз самала,

Жымың қаққан  от қандай!

 

Ғажап сурет, тосын жай

Қыл пернеде ән шертсе,

Көңіл күймен осындай

Келіп кірген  концертке.