Ахмет Кендірбекұлы (1956 ж.т.) – ақын. Алматы облысы, Алакөл ауданы, Бұлақты ауылында дүниеге келген.
Өлеңдері басылымдарда жиі жарияланады. Ойтұмар («Талдықорған», 1991); Көкпар («Жазушы», 1996); Зер («Арыс», 2003), «Жылдар сөйлейді» атты жыр кітаптары бар. Сондай-ақ республикалық баспалардан «Аққулы айдын», «Армысың, ата тарих – Аңырақай» және «Жетісу жауқазындары» кітаптарын құрастырып шығарған. Ақынның сөздеріне жиырма шақты ән жазылған.
«Халық батырлары» жылының лауреаты. Қазақстан Журналистер одағының Құрмет Грамотасымен, «Тәуелсіздіктің он жылдығы», «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен, Қазақстан Республикасы Құрмет грамотасымен (2009) марапатталған.