Кері қайту
МЫҢ БАЛА

Ғасырлар сыр шерткен еткеннен мұңдана,
Елім деп күңіренген домбыра-жыр-дала.
Найзағай секілді жарқ етті жауына,
Сартайдай батырдың соңында мың бала.
 
Сәмбі тал, жас құрақ тәрізді мың бала,
Алашқа жарасқан қыз – көрік, ұл – дана.
Мәңгі өлмес ерлікті, ерлікті бүгінге
Жеткізген жоғалтпай ғажап-ау бұл дала!
 
Күш-жігер, өр намыс солардан іздерміз,
Егемен, азатты, тәуелсіз ізгі елміз.
Көк байрақ – қыран, Күн көгімде шалқыған,
Мың бала ұрпағы – миллион біздерміз!