Өтепберген Ақыпбекұлы (1950 – 2007) – ақын. Қызылағаш ауылы, Қапал ауданы (қазіргі Ақсу), Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында туған.
Әр жылдары: «Доп», «Футболшы боламын», «Жарыс», «Жарыстан соң жарыс», «Жылдың төрт мезгілі», «Балабақтың бір күні»,. «Экологиялық әліппе», Қырық қызық», «Балдай тәтті әліппе», «Ажарлы Астана», «Қызықты әліппе», «Айдындағы әліппе», «Керек кітап», «Мен таңдайтын мамандық», т.б. балаларға арналған өлең кітаптары мен кітапшалары жарық көрген.