Кері қайту
Әнші қыс

Астанада қар қалың,

Аттап қалсаң алға адым:

Аңғарасың -

Ақ қыстың,

Бiр әуенге салғанын…

 

Өзiң де оған бiр уақ,

Қосыласың ыңылдап.

Ызғырық жел гулейдi,

Күйiн шертiп тым ұзақ…

 

Көргендерiн жолдағы,

Әнге қосып ол дағы:

Қос ішектi қуалар –

Тролейбус қолдары…

 

Машиналар тым жүрдек,

Қойғандай-ақ тiзгiндеп:

Қозғалады орнынан,

Бұраң-бұраң би билеп…

 

Әншi қыстың сырын дәл,

Көше кезген ұғынар:

Сырлы әуенге елiтiп,

Қос құлағың шыңылдар…