Кері қайту
Қысқы есіл

Мұз көрпенi –

Қыс түсе,

Бүркендi де үстiне:

Қалғып кеттi  қарт Есiл,

Сезбейдi ол түктi де…

 

Жұртшылықты таң қылған,

Болды мұнда сан думан…

Арнасында теп-тегiс,

Жарыс та өттi шаңғыдан…

 

Жүрсе де жұрт дуылдап,

Елемейдi бiр уақ:

Ұйықтап жатыр қарт Есiл,

Кеудесi сәл сырылдап…