Кері қайту
Абдрахман Асылбек

Абдрахман Асылбек (1938 ж.т.) – ақын. Жамбыл облысының Талас ауданына қарасты Үшарал ауылында туған.

1955 жылы «Бейбітшілік бақшасы», «Жауды аяған жаралы» сияқты тырнақалды шығармалары басылған. Балаларға арналған алғашқы өлеңдер жинағы 1961 жылы жарық көрген.

Содан бергі уақытта 31 жыр кітабын шығарды. Лирика, ән мәтіндерін жазып, сатира және аударма жанрларымен де айналысып келеді. Көптеген байқаулардың жеңімпазы, жүлдегері.