Кері қайту
Мұзафар Әлімбаев

Мұзафар Әлімбаев (1923 ж.т.) – көрнекті қазақ ақыны. Павлодар облысы Шарбақты ауданындағы Маралды ауылында туған. Алғашқы кітабы – «Қарағанды жырлары» 1952 жылы басылып шықты. Бірнеше ондаған кітабы, таңдамалылары, туысқан халықтар тілінде көптеген жинағы шықты. Жүз сексен әнге өлең жазды. 64 төл тума және аударма кітаптардың авторы. Шығармалары 20 тілге аударылған. Соның ішінде орыс тілінде 6 кітабы, түрікмен тілінде «Мен – түрік мейманы» (1963), қырғыз тілінде «Жолдар. Ойлар. Жырлар» (1966) жинақтары жарық көрген. Көркем аударма саласында Сағдидың «Бостанын» («Жәннат» деген атпен), Петефи мен Тоқтағұлдың, Аполлинердің таңдамалы өлеңдер жинақтарын, Ю. Фучиктің «Дар алдындағы сөзін», Орбелианидің «Ғибратнамасын» және Пушкин, Лермонтов, Маяковский, Ғ. Тоқай, М. Жәлил, Фирдоуси, Х. Әлімжанның өлең-жырларын қазақ тіліне аударған.

1982 жылы «Аспандағы әпке» жинағы үшін республикалық Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығына ие болды. ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1978), Қазақстанның Халық жазушысы, Жамбыл атындағы Халықаралық сыйлықтың иегері (1996).