Кері қайту
Кішкентай аспаз: лимон мен апельсин қосылған лимонад
Лимон мен апельсин қосылған лимонад


Қажетті заттар:

Лимон  - 2 дана;
Апельсин  -  2 дана;
Шекер  -  1 стақан;
Су  -  1,5 литр.


1) Бір апельсинді сығып, шырынын аламыз.

2) Бір лимон сығындысын елеуіш арқылы өткіземіз.

3) Бір апельсиннің қабығын тазартамыз. Ыдысқа апельсин мен лимонды салып, үстіне су құйып, шекер қосып, 5 минут қайнатамыз.

4) Қайнатылған жемістерді сүзгіден өткіземіз. Оған апельсин мен лимон сығындысынан алынған шырынды қосамыз. Дайын болған лимонадты салқындатып ішу керек.