Лимон мен апельсин қосылған лимонад
Қажетті заттар:
Лимон - 2 дана;
Апельсин - 2 дана;
Шекер - 1 стақан;
Су - 1,5 литр.
1) Бір апельсинді сығып, шырынын аламыз.
2) Бір лимон сығындысын елеуіш арқылы өткіземіз.
3) Бір апельсиннің қабығын тазартамыз. Ыдысқа апельсин мен лимонды салып, үстіне су құйып, шекер қосып, 5 минут қайнатамыз.
4) Қайнатылған жемістерді сүзгіден өткіземіз. Оған апельсин мен лимон сығындысынан алынған шырынды қосамыз. Дайын болған лимонадты салқындатып ішу керек.