Бір құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың, Сая жермін, Тұратын Құстар әні естіліп, Сөз соңына «А» қоссаң, Сауық сайран құрамын, Шалшық көлде кешкілік. (Бақ — Бақа) *** Алғашқы буыным, Көшті бастар ұлымын. Сосын тоғай нуының Жыртқышының бірімін. Екеуін қоссаң ірімін – Көп аңдардың дүрімін. (Жол-Барыс — Жолбарыс) *** Жайнаған жер үсті, Мекенмін келісті. Бірінші әріп ауысса, Айдынға ұшып қонамын. (Жаз — Қаз)
***
Шуақты мол төгемін, Гүлге бөлеп беремін. Бас әріпті өшірсең, Көкіректі керемін. (Көктем — Өктем)
Жазда өсіп, піседі, Дәмі тәбет ашады. «Қ» орнына «Ж» қойсаң, Көктен тамып түседі, Жердің шаңын басады. (Қауын — Жауын) Аспан көгі жамылды, Қара мақпал бүркеніп. «Т» орнына «К» қойсаң, Жылытып жон, шағылды, Тұрам елге нұр төгіп.
(Түн — Күн) | Сая жермін, Тұратын Құстар әні естіліп, Сөз соңына «А» қоссаң, Сауық сайран құрамын, Шалшық көлде кешкілік. (Бақ — Бақа)
Қыста суды қаптаймын, Бірақ жазда жатпаймын. Алғашқы әріп ауысса, Онсыз тамақ татпаймын. (Мұз — Тұз)
Екі сөзден тұрады, Құстың аты — құрамы. Сызсаң егер «Бір» сөзін, Ас пісірем, көр өзің. (Бірқазан — Қазан) «Т»-дан бастап оқысаң, Төлі болам пырақтың. «Т»-ны сызып тастасаң, Көкте қалған орақпын. (Тай — Ай) Жайнаған жер үсті, Мекенмін келісті. «Қ» орнына «Д» қойсаң, Боламын кеңістік. (Қала — Дала) Ақтан көрпе жамыламын, Көктемде сайға ағыламын. Өзгерсе егер алғашқы әріп, Жер қойнынан табыламын. (Қыс — Мыс) Піскен жеміс қосымын, Құстың жақын досымын. «К» орнына «Ж» жазсаң, Жамбыл ата жасымын.
(Күз — Жүз) Ұнтағым бал, жерде өсем, Бар халыққа әзірмін, Соңғы «Н»-ді «М» десең, Дастарқанда мәзірмін.
(Дән — Дәм) | Моншағы көп тізілер, Шуағын төксе күліп күн. Соңғы әріп «К» болса, Әжем сынды кісілер, Қолға тағар мүлікпін. (Жүзім — Жүзік) Желбіретіп үкімді, Сулы жерде жайқалам. «Қ» орнына «Т» қойсаң, Қоныстанып жай табам. (Құрақ — Тұрақ) Қуанғанда мақтанып, Қол соғасың шаттанып. Ең алдына «Қ» қойсаң, Қолыңды өтер от қарып. (Алақай — Қалақай) «Ар» мен «ал»-ды қосқанда, Судағы құрлықпын. Алдына «М»-ны қосқанда, Нудағы түлікпін. (Арал — Марал) Ешкіден көп табылса, Түсі болам қойдың да. Соңғы дыбыс жоғалса, Ораламын мойнына. (Жағал — Жаға) Әуелгі үш әріп — Дәмге нәр тілді үйірген, Кейінгі қос әріп — Мақтаның түсі үйілген. Қосылса бес әріп — Темір жіп созып иірген. (Тұз; Ақ; Тұзақ) «Ү» тұрса қызып табаны, Қыртысты жазып тегістер, «Ү» түсіп қалса жаманы, Құлама болар тегіс жер. (Үтік — Тік) «Қ» әрпінен бастасаң, Көмірге ұқсас түрім бар. «Қ»-ны сызып тастасаң, Жасаймын шөп гүлін бал. (Қара — Ара) |