Назад
«Б» мен «Қ»

Бір құлаштай матамын,                  

Жуынғанда аласың,
Сая жермін,
Тұратын
Құстар әні естіліп,
Сөз соңына «А» қоссаң,
Сауық сайран құрамын,
Шалшық көлде кешкілік.
(Бақ — Бақа)
 
***

Алғашқы буыным,
Көшті бастар ұлымын.
Сосын тоғай нуының
Жыртқышының бірімін.
Екеуін қоссаң ірімін –
Көп аңдардың дүрімін.
(Жол-Барыс — Жолбарыс)
 
***


Жайнаған жер үсті,
Мекенмін келісті.
Бірінші әріп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын.
(Жаз — Қаз)


***

Шуақты мол төгемін,
Гүлге бөлеп беремін.
Бас әріпті өшірсең,
Көкіректі керемін.

(Көктем — Өктем)


Жазда өсіп, піседі,
Дәмі тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседі,
Жердің шаңын басады.

(Қауын — Жауын)


Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрам елге нұр төгіп.

(Түн — Күн)

Сая жермін,
Тұратын
Құстар әні естіліп,
Сөз соңына «А» қоссаң,
Сауық сайран құрамын,
Шалшық көлде кешкілік.                

(Бақ — Бақа)

Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.

(Мұз — Тұз)
 

Екі сөзден тұрады,
Құстың аты — құрамы.
Сызсаң егер «Бір» сөзін,
Ас пісірем, көр өзің.

(Бірқазан — Қазан)
 
«Т»-дан бастап оқысаң,
Төлі болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын.

(Тай — Ай)
 
Жайнаған жер үсті,
Мекенмін келісті.
«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңістік.

(Қала — Дала)
 
Ақтан көрпе жамыламын,
Көктемде сайға ағыламын.
Өзгерсе егер алғашқы әріп,
Жер қойнынан табыламын.

(Қыс — Мыс)


Піскен жеміс қосымын,
Құстың жақын досымын.
«К» орнына «Ж» жазсаң,
Жамбыл ата жасымын.

(Күз — Жүз)


Ұнтағым бал, жерде өсем,
Бар халыққа әзірмін,
Соңғы «Н»-ді «М» десең,
Дастарқанда мәзірмін.

(Дән — Дәм)

Моншағы көп тізілер,
Шуағын төксе күліп күн.
Соңғы әріп «К» болса,
Әжем сынды кісілер,
Қолға тағар мүлікпін.

(Жүзім — Жүзік)
 
Желбіретіп үкімді,
Сулы жерде жайқалам.
«Қ» орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып жай табам.

(Құрақ — Тұрақ)
 
Қуанғанда мақтанып,
Қол соғасың шаттанып.
Ең алдына «Қ» қойсаң,
Қолыңды өтер от қарып.

(Алақай — Қалақай)
 
«Ар» мен «ал»-ды қосқанда,
Судағы құрлықпын.
Алдына «М»-ны қосқанда,
Нудағы түлікпін.

(Арал — Марал)
 
Ешкіден көп табылса,
Түсі болам қойдың да.
Соңғы дыбыс жоғалса,
Ораламын мойнына.

(Жағал — Жаға)
 
 
Әуелгі үш әріп —
Дәмге нәр тілді үйірген,
Кейінгі қос әріп —
Мақтаның түсі үйілген.
Қосылса бес әріп —
Темір жіп созып иірген.

(Тұз; Ақ; Тұзақ)
 
«Ү» тұрса қызып табаны,
Қыртысты жазып тегістер,
«Ү» түсіп қалса жаманы,
Құлама болар тегіс жер.

(Үтік — Тік)
 
 
«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал.

(Қара — Ара)