| Кезерді ерінің,
 Шөбі болмас жерінің.«Ш» орнына «К» тұрса.
 Өсімдіктің нәрімін.
 (Шөл-Көл)
 
 ***
 Бір адам шаттанса,Мен оған бауырмын.
 «Б»-ны «У»-ға ауыстырса
 Өлшеммін, дәуірмін.
 (Бақыт-Уақыт)
 
 ***
 Қақ тіліп жотаны,Қасқайып жатады.
 «Ж» орнын «Қ» басса,
 Адамнан табады.
 (Жол-Қол)
 
 ***
 Сән берем, әркімге, көңілге,
 Ұқсаймын көктемгі өңірге.
 Әріпті бастапқы сызса егер.
 Жөн сілтер ұстазбын өмірге.
 (Мата-Ата)
 
 ***
 «Қ» әрпінен бастасаң,Көмірге ұқсас түрім бар.
 «Қ»-ны сызып тастасаң,
 Жасаймын шөп гүлін бал.
 (Қара-Ара)
 
 ***
 «Қ» орнына «Д» қойсаң,Боламын кеңістік.
 (Қала-Дала)
 |     Шеге қағар шеберге,
 Ең қажетті құралмын.«Б»-ны өшірсең егер де,
 Жігер берер ұранмын.
 (Балға-Алға)
 
 ***
 Қатты соғып жүрегім,Қорқып, үркіп жүремін,
 «Қ» орнына «Н» қойсаң,
 Күшке толар білегім.
 (Қоян-Ноян)
 
 ***
 Жатам құстар тобына,Азығымын адамның.
 «Ы»-ны қоссаң соңыма,
 Жылқы етімін – тағаммын.
 (Қаз-Қазы)
 
 ***
 «Ж» әрпімен бастасаң,Көрінеді бар маңым.
 «Ж»-ны сызып тастасаң,
 Су ағатын арнамын.
 (Жарық-Арық)
 
 ***
 Ақ бояуға қанықпын,Бағалымын, мамықпын.
 Бас әріпім алмасса,
 Төрт бұрышты жазықпын.
 (Мақта-Тақта)
 
 ***
 Жасыл желек алабым,Жыл маусымы боламын.
 Алғы әріпті өшірсең,
 Ең әдепті боласың.
 (Сүлгі-Үлгі)
 | Бойында өссем тоғанның,
 Кіргізем дәмін тағамның.Соныма қоссаң бір әріп,
 Үндемей жүрер адаммын.
 (Жуа-Жуас)
 
 ***
 Құт дарыған қотанның,Қаруымын шопанның.
 «Т»-ны сызып тастасаң,
 Мүшесімін адамның.
 (Таяқ-Аяқ)
 
 ***
 Тәтті дәм үш әріп алғашқы,Соңына қос әріп жалғасты,
 Сен одан өзіңе табасың
 Дауылдан қорғанар панасын.
 Екеуі біріксе егерде,
 Суда өсіп, жүзеді тереңде.
 (Бал; Ық; Балық)
 
 ***
 Желбіретіп үкімді,Сулы жерде жайқалам.
 «Қ» орнына «Т» қойсаң,
 Қоныстанып жай табам.
 (Құрақ-Тұрақ)
 
 ***
 Сұйықпын да тазамын,Басамын жер тозаңын.
 «С» орнына «Б» қойсаң,
 Бозғылт боп тозамын.
 (Су-Бу)
 |