Назад
«Ш» мен «К»

Кезерді ерінің,

Шөбі болмас жерінің.
«Ш» орнына «К» тұрса.                  
Өсімдіктің нәрімін.
(Шөл-Көл)

***

Бір адам шаттанса,
Мен оған бауырмын.
«Б»-ны «У»-ға ауыстырса
Өлшеммін, дәуірмін.
(Бақыт-Уақыт)

***

Қақ тіліп жотаны,
Қасқайып жатады.
«Ж» орнын «Қ» басса,
Адамнан табады.
(Жол-Қол)

***
Сән берем, әркімге, көңілге,
Ұқсаймын көктемгі өңірге.
Әріпті бастапқы сызса егер.
Жөн сілтер ұстазбын өмірге.
(Мата-Ата)

***

«Қ» әрпінен бастасаң,
Көмірге ұқсас түрім бар.
«Қ»-ны сызып тастасаң,
Жасаймын шөп гүлін бал.
(Қара-Ара)

***

«Қ» орнына «Д» қойсаң,
Боламын кеңістік.
(Қала-Дала)

 

 

Шеге қағар шеберге,

Ең қажетті құралмын.
«Б»-ны өшірсең егер де,
Жігер берер ұранмын.
(Балға-Алға)

***

Қатты соғып жүрегім,
Қорқып, үркіп жүремін,
«Қ» орнына «Н» қойсаң,               
Күшке толар білегім.
(Қоян-Ноян)

***

Жатам құстар тобына,
Азығымын адамның.
«Ы»-ны қоссаң соңыма,
Жылқы етімін – тағаммын.
(Қаз-Қазы)

***

«Ж» әрпімен бастасаң,
Көрінеді бар маңым.
«Ж»-ны сызып тастасаң,
Су ағатын арнамын.
(Жарық-Арық)

***

Ақ бояуға қанықпын,
Бағалымын, мамықпын.
Бас әріпім алмасса,
Төрт бұрышты жазықпын.
(Мақта-Тақта)

***

Жасыл желек алабым,
Жыл маусымы боламын.
Алғы әріпті өшірсең,
Ең әдепті боласың.
(Сүлгі-Үлгі)

Бойында өссем тоғанның,

Кіргізем дәмін тағамның.
Соныма қоссаң бір әріп,
Үндемей жүрер адаммын.
(Жуа-Жуас)
 
***

Құт дарыған қотанның,
Қаруымын шопанның.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Мүшесімін адамның.
(Таяқ-Аяқ)
 
***

Тәтті дәм үш әріп алғашқы,
Соңына қос әріп жалғасты,
Сен одан өзіңе табасың
Дауылдан қорғанар панасын.
Екеуі біріксе егерде,
Суда өсіп, жүзеді тереңде.
(Бал; Ық; Балық)
 
***

Желбіретіп үкімді,
Сулы жерде жайқалам.
«Қ» орнына «Т» қойсаң,
Қоныстанып жай табам.
(Құрақ-Тұрақ)
 
***

Сұйықпын да тазамын,
Басамын жер тозаңын.
«С» орнына «Б» қойсаң,
Бозғылт боп тозамын.
(Су-Бу)