«А» дегенің ана ғой,
Ана деген –дана ғой. «Б» дегенің –бала ғой Жұмсаса апаң, бара ғой.
***
«Ш»-дан бастап жазғанда, Шай қайнатып аласың, «Ш»-ны орнынан алғанда, Терезеге саласың (Шәйнек -Әйнек)
***
«К»-ден бастап оқысаң, Құс атауы, қарашы! «Е»-ден бастап оқысаң, Жалқау бала бағасы. (Кекілік-Екілік)
***
Егер «И»-ден бастасаң, Хайуанаттың түрімен. «И»-ді алып тастасаң, Әріптердің бірімін
(Ит-Т)
*** Оңға қарай, Оқысаң да – бір халық. Солға қарай Оқысаң да – бір халық. Бір буыным – құс, Бір буыным – түс. (Қазақ, Қаз, Ақ) | «К»-деп егер бастасаң, Шомыласың суына «Т»-дан егер бастасаң, Төрт түліктің баласы «Ш»-дан егер бастасаң, Жазда аунайсың құмына. «С»-дан егер бастасаң, Ақ қайыңнан аласың (Көл –Төл – Шөл - Сөл)
*** Сөз басында «Б»-болса, Бас киімің боламын. Сөз басында «Ө»-болса, Жазда пісін соламын. (Бөрік-Өрік)
*** Егер «М»-ден бастасаң, Тағамның бір түрімін. «М»-ны алып тастасаң, Түнгі аспанның нұрымын. (Май-Ай)
*** Егер «С»-дан бастасаң, Бір баласы қазақтың. С-ны алып тастасаң, Ең тәуірі ол, тамақтың. (Сайран-айран)
*** «Ж»-дан бастасаң, Жыл мезгілі болады. «Қ»-дан бастасаң, Құсқа айнала қалады. (Жаз-қаз) | «К»-дан егер бастасаң
Түндей қара бір түспін. «Ш»-дан егер бастасаң Ернеуі кең ыдыспын
(Қара-шара)
*** Алғашқы буыны – құс, Соңғы қос әрпі – түс. Екеуін қосып жіберсең, Көл жағалап тік өсем.
(Құр; Ақ; Құрақ)
*** «Ү» тұрса қызып табаны, Қыртысты жазып тегістер, «Ү» түсіп қалса жаманы, Құлама болар тегіс жер. (Үтік-Тік)
*** Майысқақпын, нәзікпін, Садақ болып иілем. Соңғы әріп «Н» болса, Қалдығына азықтың, Қоқыстарға үйілем. (Шыбық-Шыбын)
*** Ұқсайтұғын жылқыға, Қамыс құлақ көлікпін. «К» орнына «П» қойсаң, Ойлантуға берікпін. (Есек-Есеп)
|