Назад
«А»мен «Б»

«А» дегенің ана ғой,

Ана деген –дана ғой.
«Б» дегенің –бала ғой
Жұмсаса апаң, бара ғой.


***

«Ш»-дан бастап жазғанда,           
Шай қайнатып аласың,
«Ш»-ны орнынан алғанда,
Терезеге саласың
(Шәйнек -Әйнек)

***

«К»
-ден бастап оқысаң,
Құс атауы, қарашы!
«Е»-ден бастап оқысаң,
Жалқау бала бағасы.
(Кекілік-Екілік)

***

Егер «И»-ден бастасаң,
Хайуанаттың түрімен.
«И»-ді алып тастасаң,
Әріптердің бірімін

(Ит-Т)

***
Оңға қарай,
Оқысаң да – бір халық.
Солға қарай
Оқысаң да – бір халық.
Бір буыным – құс,
Бір буыным – түс.

(Қазақ, Қаз, Ақ)

«К»-деп егер бастасаң,
Шомыласың суына
«Т»-дан егер бастасаң,
Төрт түліктің баласы
«Ш»-дан егер бастасаң,
Жазда аунайсың құмына.             
«С»-дан егер бастасаң,
Ақ қайыңнан аласың
(Көл –Төл – Шөл - Сөл)

***

Сөз басында «Б»-болса,
Бас киімің боламын.
Сөз басында «Ө»-болса,
Жазда пісін соламын.
(Бөрік-Өрік)

***
Егер «М»-ден бастасаң,
Тағамның бір түрімін.
«М»-ны алып тастасаң,
Түнгі аспанның нұрымын.
(Май-Ай)

***

Егер «С»-дан бастасаң,
Бір баласы қазақтың.
С-ны алып тастасаң,
Ең тәуірі ол, тамақтың.
(Сайран-айран)

***

«Ж»-дан бастасаң,
Жыл мезгілі болады.
«Қ»-дан бастасаң,
Құсқа айнала қалады.
(Жаз-қаз)

«К»-дан егер бастасаң

Түндей қара бір түспін.
«Ш»-дан егер бастасаң
Ернеуі кең ыдыспын

(Қара-шара)

***

Алғашқы буыны – құс,
Соңғы қос әрпі – түс.
Екеуін қосып жіберсең,
Көл жағалап тік өсем.

(Құр; Ақ; Құрақ)

***

«Ү» тұрса қызып табаны,
Қыртысты жазып тегістер,
«Ү» түсіп қалса жаманы,
Құлама болар тегіс жер.
(Үтік-Тік)

***

Майысқақпын, нәзікпін,
Садақ болып иілем.
Соңғы әріп «Н» болса,
Қалдығына азықтың,
Қоқыстарға үйілем.
(Шыбық-Шыбын)

***

Ұқсайтұғын жылқыға,
Қамыс құлақ көлікпін.
«К» орнына «П» қойсаң,
Ойлантуға берікпін.
(Есек-Есеп)