Оразақын Асқар (1935 ж.т.) – ақын. Шығыс Түркістан өлкесінің Іле аймағына қарасты Мүкей Қаратас деген жерде туған.
1955 жылы жарық көрген «Қос жүрек» атты жас ақындардың ұжымдық жинағына өлеңдері енген. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты. «Ерен еңбегі үшін», «Тәуелсіздіктің 10 жылы» медальдарының иегері. Мұқағали атындағы сыйлықтың иегері.
Шығармалары: «Тұңғыш». Өлеңдер. А., ҚМКӘБ. 1964; «Мейірім». Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; «Күнгей». Өлеңдер мен дастандар. А., «Жазушы», 1975; «Ләйлә». Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; «Көкорай». Өлеңдер. А., «Жалын», 1979; «Балқарағай». Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1981; «Сәулет». Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1984; «Таудай бол!» Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; «Белжайлау». Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1985; «Расти большим». А., «Жалын», 1985; «Өркеш». Таңдамалы, А., «Жалын», 1987; «Қара өлең». А., «Жазушы», 1989; «Баркөрнеу». Таңдамалы, А., «Жалын», 1992; «Құран хикаялары». Аударма. А., «Жалын», 1992; «Керімсал». А., «Жазушы», 1994; «Жарапазан». А., «Балауса», 1995; «Суретті әліппе». А., «Өнер», 1996; «Әріптер әлеміне саяхат». А., «Интерпечать», 1999. «Орбұлақ». Өлеңдер. А., «Ануар», 2000; «Тәуелсіздік тартулары». А., «Өнер», 2001; «Отан деп оянғанда». Өлеңдер мен дастандар. А., «Жалын», 2004; «Атамекенге оралғанда». Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2005; «Ұяда нені көрсең...» Өлеңдер. А., «Балауса», 2005; «Қос қоңырау». Өлеңдер. А., «Сүт сыйлықтары». Өлеңдер. А., Ұлттық ойындар. Өлеңдер. А., «Жаңа баталар». Өлеңдер. А., «Жеткіншек». Өлеңдер мен поэмалар. А., «Балалар әдебиеті», 2005; «Әріп – дыбыстың таңбасы.» Өлеңдер. А., «Аруна», 2005; «Дербестік дес бергенде». Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2006; «Мерекелер». Өлеңдер. А., 2007; «Алтын абдыра». А., «Балауса», 2007; «Елеулі елу ертегі, жебедей жетпіс жұмбақ». А., «Ана тілі», 2007; «Ел ішінде». Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 2008; «Інжу маржан». Әлем елдерінің халықтық жырлары. Аударма. А., «Балаларым – бақытым». Өлеңдер. А., «Алматыкітап», 2008; «Ақша туралы ақиқат». Өлеңдер. А., «Мектеп», 2008; «Логопедтік әліппе». Өлеңдер. А., 2008.