Қойтасқа бір беттегі
Қонды таудың кептері.
«Қарға» деді Гүлдана,
Арай көріп «Кеп» деді.
Мен қарадым Арайға,
«Кептер» деп ол, «Кеп» емес.
Деді ол қалып сәл ойға,
– Жалғыз ғой ол, көп емес.
«Кеп» дейді аты, түбірі
Көптік жалғау «тер» деген.
Қойды өзгермей ұғымы
Түссем де қара терге мен.
Кері қайту
КЕП