1938 жылы Қытайдың Іле аймағы, Текес ауданы, Шолақмыс деген елді мекенінде туған. 1956 жылы Ахметжан Қасыми атындағы Құлжа педучилищесін бітірген. 1956–1961 жылдары сол училищеде тіләдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген. 1961–1962 жылдары Алматы облысы, Ұйғыр ауданындағы Қырғызсай орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарған. 1968 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.
1968 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде, 1968–1997 жылдар аралығында «Қазақ энциклопедиясы» бас редакциясында қызмет еткен. 1997–2006 жылдары «Атамұра» корпорациясында қазақ тіліндегі әдебиеттер редакциясын басқарған. 2006 жылдан еркін шығармашылық жұмыста.
«Аялы алақан», «Тау хикаялары», «Түлкі мен қоян», «Бүркіт», «Қоңыр қонжық», «Әліпби әңгімелері» сияқты прозалық кітаптардың авторы. «Арманай», «Сарбұлағым», «Алатауым» атты әндері бар. «Азулылар айқасы» атты тұңғыш әңгімелер жинағы 1985 жылы шыққан.
Қазақстан Республикасының үздік баспагері. Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және медальдарымен марапатталған.