Бір өгіз күніге кішкене көлшікке келіп, су ішіп жүреді екен. Ол көлшікті көлбақаларда мекендепті. Су бірте- бірте тартыла бастады. Бір күні көлбақалар жиналып:
- Өгізге су тапшылығын айтайық. Баска көлшіктен су ішіңіз дейік. Тілімді алар, Сөзге түсінбейтін ақымақ емес шығар, - деп өзара ақылдасыпты.
Өгіз тағыда көлшіктен су ішуге келеді. Көлбақалар түгел жиналып, былай деп бақылдай жөнеліпті:
Бақылдаған бақамыз,
Көлшік суда жатамыз.
Суымызды тауыссаң,
Текке арам катамыз.
Сонда өгіз көкіректеніп, құйрығын шаншып оқырая қарайды да:
- Не деп тұрсыңдар өздерің? Түсіндесем бұйырмасын, - деп, жөнінен кете береді.
- Ызасы келген көлбақалар «Өзімізге лайық басқа мекен іздейік»-деп ауа кешіп кетіпті.
Осыдан кейін көлбақалар көшіп қонып жүре беретін болыпты.