Назад
Әли Ысқабаев

Әли Ысқабаев (1939 ж.т.) – ақын, жазушы. Алматы облысы, Балқаш ауданы, Күйген ауылында дүниеге келген.

«Айдостың арғымағы», «Менің інім», «Солдат ағаға хат», «Бесік жыры», «Еңбекқор құмырысқа» жыр жинақтарының, «Бейтаныс қыз», «Жәлменде-Пышан», «Ана алақаны» атты повестер мен әңгімелер жинағының авторы. «777 жұмбақ», «Тіл мен жыр», «Әубәкіровтер әулеті», «Тұғырлы тұлға» (2009), «Зейіні зерек зиялылар» атты кітаптары шыққан.

«Еңбектегі ерлігі үшін», «Еңбек ардагері» медальдарымен марапатталған. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Алматы облысының Құрметті азаматы.