Ақ шағыл құм айнала,
Ән сап жатқан жай ғана:
– З-з-з-з... с-с!
Биігінен қарасаң,
Үн шығады орасан:
– Жз-жз-жз!
Сыбдырындай жапырақ,
Күй тыңдайды атырап:
– Ш-ш-ш!
Таппағандай жылы үйді,
Бөрі боп та ұлиды:
– У-у-у!
Жел гулесе ышқынып,
Ызыңдайды ысқырып.
– Ыс-ыс-ыс!
Ең бір ғажап қызығы,
Құмның бітпес ызыңы.
Күйін тартып толғанып,
Кейде жатыр долданып.
Жел суырған қызыл құм,
Шығарады қызық үн:
– З-з-з-з... с-с!
– Жз-жз-жз!
– Ш-ш-ш!
– У-у-у!
– Ыс-ыс-ыс! –
деп құм да тіл қатады,
Ән-күй тартып жатады.
Назад
ҚҰМ ӘНІ