Сейфолла Оспан (1938 ж.т.) – балаалр ақыны. Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы, Құндызды ауылында дүниеге келген.
1961 жылы жарық көрген «Жас дәурен» атты ұжымдық жинақтан бастау алған шығармашылығы кейін балаларға арналған «Қалақай», «Балақойған», «Жалбыз» атты жыр жинақтарымен қоса «Жазғы жауын», «Бақытқа хат», «Құндыздым, менің жұлдыздым», «Ар мен ән», «Жанарымда жан сырым», «Көңіл сәулесі», «Самала» т.б. жыр жинақтарында жалғасын тапқан. 2004 жылы «Алдымнан атқан ақ таңым», «Қанағат» атты таңдамалылары «Сырдария кітапханасы» сериясымен 2009 жылы «Қанағат», «Тағзым», «Жалбыз» сияқты үш томдық жыр жинақтары жарық көрген.
Балалар сахнасына лайықтап өлеңмен «Мұңлық-Зарлық», «Асан-Үсен», «Аяз би» атты пьесалар жазған.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің тарландары жайлы мақалалар жинағы «Білім» баспасынан «Қанаты қырқылған қырандар» (2008), «Бала болмай, дана болып туғандар» (2009) деген атпен екі том боп жарық көрген.