Назад
СУРЕТШІ

Салмақ боп алманы,
Майысты бармағы.
Көк, қызыл қарындаш
Қағазды шарлады.
 
Шаршады Алматай,
Маңдайы терледі.
Деді ол: «Маматай,
Міне, алма, көр», – деді.
 
– Жарты алма мынауың, –
Деп еді мамасы.
Күтпестен сұрауын,
Сөйледі баласы.
 
– Жеп едім, шын, мама,
Жарымын алманың.
Бер бүтін бір алма,
Салайын қалғанын.