Назад
Қаржаубай Омаров

Қаржаубай Омаров (1946 ж.т.) – жазушы, ақын. Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, «Айдарлы» кеңшарының №2 «Құмшығанақ» ауылында туған. 1969 және 1973 жылдары Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты болды. Алты прозалық кітаптың авторы. Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығармалардың республикалық бәйгелерінде 1976 жылы «Қоңыраулы бесік», 1981 жылы «Әке», 1987 жылы «Бала-балапандар» повестері үшін үшінші, екінші жүлде алды. 1999 жылы «Ақтөс» прозалық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты атанды.