Кеңес ОРАЗБЕКҰЛЫ (1956 ж.т.) – жазушы. Оңтүстік Қазақ-стан облысы Сарыағаш ауданы «Дарбаза» кеңшарында туып-өскен. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жур-
налистика факультетін бітірген. Республикалық «Егемен Қазақ-стан» (1989-1991), «Ұлан» газетінде (1991-2004) қызмет еткен. 2004 жылдан бері республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторының орынбасары. «Ертегі туралы ертегі» (1993), «Ай аттары қайдан шыққан?», «Мүшел жас» (2002), «Наурыз көже» (2007), «Қанатты сөз – қазына» (2010), «Тұран баһадүрлері немесе Ер, Би, Нұрдың ерлік жорықтары» (2010) кітаптарының авторы. Алматы қалалық әкімшілігі (2005) мен «Бөбек» қоры ұйымдастырған (2006) республикалық бәйгелердің, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» және Қазақстан Кинематографистер одағы жариялаған сценарийлер конкурсы (2009) мен халықаралық «Дарабоз» бәйгелерінің (2009) жүлдегері.