Назад
Үш мыҚтыныҢ айтысы

Қатысушылар:

Компьютер

Кітап

Теледидар

Мұғалім

Балалар

 

Сынып іші.Тақта алдында Компьютер, Теледидар және

Кітап – үшеуі ғана қалған. Олар өзара айтысқа шығады.

 

Компьютер (жанындағыларға маңғаздана қарап). Сендер дү-ниедегі ең мықты кім екенін білесіңдер ме?

Кітап. Иә, кім екен?

Компьютер. Ол мен болуым керек. Өйткені аз уақыттың ішінде дүние жүзін жаулап алдым ғой. Қазір кез келген жердегі кез келген шаруашылық, өндіріс, өнеркәсіп, ұйым, мекемелер, тіпті аурухана, мектептерге дейін менсіз жұмыс жүргізе алмайтындай дәрежеге жетті. Ал ес-зердеме жиналған мәлімет, дерек, ақпарат көздерінің молдығы сондай, мына кітаптарың да жолда қалатын шығар.

Теледидар. Асыра сілтеп жібердің, бауырым. Дүние жүзіне таралу, адамдарды өзіне тартып жаулап алу жөнінен бізге жете қойған жоқсыңдар. Жер жүзіндегі отбасылардың әрқайсысында екі-үшеуден, жоқ дегенде біреуден теледидары бар десем, қате-леспеймін. Сенің алдында адамдар тек жұмыс бабымен ғана айналысады ғой. Ал бізге күндіз-түні демей, бүкіл отбасымен тел-міреді де отырады. Әлемдегі кез келген жаңалықтың ізін суытпай жеткізе қоямыз.

Компьютер. Ол жағынан біз де қалысып жатқан жоқпыз. Ғаламторымыз арқылы бүкіл әлемді өрмекшінің торындай шырмап алғанбыз. Адамдарды қызықтырған қандай мәлімет, ақпарат болсын тауып бере аламыз. Ойын балаларына дейін далаға тентіреп кететін ойындарын қойып, компьютердің, компьютер клубтарының алдынан күндіз-түні шықпайтын болған.

Теледидар. О-о! Ойын балаларын айналасына үйіріп алу жө-нінен бізге әлі жете қойған жоқсыңдар. Неше түрлі қызықты бағдарламалар мен сериалдар, концерттер, өздері қалаған бейне-фильмдер мен мультфильмдер, теле ойындар – бәрі бізден табылады. Балалардың біздің алдымызда есі кететіндері сондай, сабақ, үй жұмысы, ойын, кітап, газат-журнал оқу былай тұрсын, үш мезгіл тамақтарына дейін уақытысымен іше алмай, бізді қимай отырғандарын көрсең! Тіпті бар күш-қуатын, көз нұрына дейін сорып аламыз ғой.

Компьютер. Ол жағынан біз де қалыспаймыз, айналайын. Көз майын жеп, тауысу жағынан біз әйгілі кітаптың өзін он орап алдық. Сонда да жұрт бізге құмар. Кітап демекші, біздің айтысымызға Кітап неге қосылмайды? Әлде өмірден қалып бара жатырмын деп опынып отыр ма?

Кітап. Аллаға шүкір, ондай опынатындай дәрежеге жеткен жоқпыз. Бәрінен бұрын мені сендердің өз шыққан тектеріңді ұмытқандарың таңғалдырады. Сендерді ойлап тауып, дүниеге әкелген ғылымды өрістеткен, оқымыстылар мен ғалымдарды, небір данышпандарды дайындап шығарған кім? Ол – біз. Адамдарды сауаттандыра, өнер-білімге, түрлі мамандықтарға баулитын кім? Біз. Адамдардың бойына мол рухани байлық, адамгершілік пен имандылық ұялататын кім? Және біз. Дүние жүзіндегі бар-лық ғылым мен білімнің, рухани байлықтың сақтаушы-қоймасы кім? Біз – кітаптар. Ендеше мен неге өмірден қалып қоям. Қайта өмірді алға жетелеп, дамытып жатқан жоқпыз ба?

Компьютер (маңғаздана). Иә, сендердің адамзат баласының, ғылым-білімнің дамып толысуы үшін атқарған қызметтерің орасан. Оны біз жоққа шығармаймыз. Айтар алғыс-ілтипатымыз да шексіз. Дегенмен қазіргі ащы шындықты да мойындау керек. Өйткені бүгінде кітаптағы дүниелердің барлығы бізге көшірілу үстінде. Яғни, бұдан былай кітаптың да рөлін біз ойнаймыз...

 

Кенет сырттан адамдардың топырлап келе жатқан

аяқ дүбірі естіледі.

Теледидар (елеңде). Әне, оқушылар келе жатыр. Қазір сабақ басталады. Біз айтысып, босқа арамтер болудамыз. «Сырт көз

сыншы» дейді ғой. Біздің қайсымызды мықты екенімізді оқу-шылар анықтасын. Таңдауды соларға берейікші.

Компьютер. Иә, дұрыс айтасың, таңдауды соларға берейік.

 

Есік айқара ашылып, ішке ұстаз бен шәкірттері кіріп келеді.

Олар орын-орындарына жайғасады.

 

Компьютер (ұстазға қарап). Мұғалім, біз, яғни мына тұрған үшеуіміз сіздердің алдарыңызға ғана қайсымыз мықтымыз, адам-дардың сүйіктісіміз деген тақырыпта айтысып отыр едік. Сіздер келіп қалдыңыздар. Енді таңдауды сіздерге бергелі отырмыз.

Теледидар. Дүниедегі ең мықты, адамдардың сүйіспеншілігіне бөленген қайсымыз? Кәне, айтыңдаршы.

Мұғалім. Ал, балалар, алдарыңда Компьютер, Теледидар, Кітап тұр. Солардың ішіндегі қайсысы өмірдегі ең мықты, қажет дүние деп санар едіңдер. Сол қалаған мықтының айналасына тоқталыңдаршы.

 

Балалар орындарынан «дүр-р» етіп тұрып, тақта алдындағы

үш мықтының айналасына жинала бастады. Сонда төрт-бес бала ғана кітапты таңдады да, қалған көпшілігі екі жарылып,

Компьютер мен Теледидардың жанына топталады.

Компьютер мен Теледидар өздерінің айналасына көп бала шоғырланғанына мәз. Қуаныштан қолдарын көкке көтеріп, «Ура-а, ура-а!» деп масайрайды. Жанында төрт-бес бала тұрғанына қарамай, Кітаптың да еңсесі түскен жоқ.

 Өзін әдеттегідей парасатты ұстап тұр.

 

Кітап (Ұстаздың бір шетте тұрып қалғанын байқап). Ал, мұғалім, сіз, қайсымызды қалайсыз? Таңдау құқығы енді сізде?

Теледидар (қуаныштан жүзі бал-бұл жанып). Сіз қайсымызды таңдасаңыз, жеңіс сонікі болсын. Ал қайсымызды жақтайсыз?

Компьютер (мәз-мейрам күйі). Иә, дұрыс айтады. Сіз қайсы-мызды жақтасаңыз, жеңіс сонікі болсын.

Компьютер айналасындағы балалар. Апай, бізге келіңіз! Компьютер мықты!

Теледидар айналасындағы балалар. Біздің жанымызға тұры-ңыз! Теледидар мықты!

Кітап жанындағы балалар. Кітап мықты, бізге келіңіз!

 

Кенет тыныштық орнайды. Бәрі мұғалімге қадалып қалған.

 

Мұғалім. Мен таңдайтын болсам, білімді де өнерлі, ізденімпаз, болашағынан мол үміт күтетін талапты шәкірттерім қайда болса, мен де солардың жағындамын.

 

Ол кітапқа қарай беттейді. Ал мұны күтпеген Компьютер мен Теледидар жақтағылар ауыздарын ашқан күйі көздерін жыпылықтатып аң-таң қалған.

 

Кітап жанындағы балалар. Ур-ра-а! (Әндетіп) Же-ңіс бізде! Же-ңіс бізде! Же-ңіс біз-де-е!

 

* * *

 

Автор (оқырмандарға немесе көрермендерге). Ал, жас достар, сендер кімді таңдар едіңдер? Дүниеде мықты қайсысы?