Кері қайту
КІРПІ

Ертеде бір кірпінің ескі күртешесі болыпты. Ескіріп, тозығы щыққаны, сонша, оны киіп жүруге де тым ұят еді. Сондықтан ол көптен жаңа күртше тіктірсем екен деп жүрген болатын.

Бірде тоғайда серуендеп жүріп, ашқарақ сұр қасқырға кезікті. Өзіне үлкен қауіп төнгенін сезді. Алдында өсіп тұрған шеңгелді көрді. Ойланбастан зыр етіп түбіне кірді де кетті. Аздап арқасына шеңгелдің инелері батты.

Аузын ашып, тілін салақтатып артынан қуып келген сұр қасқыр шеңгелді көріп кілт тоқтады. Оның өткір инелері шошытып жіберді. Шеңгелді айналып біраз жүрді де, тоғайға қайта кіріп кетті.

Кірпі енді өзіне дәл осындай өткір инесі бар күртеше керек екенін ұқты. Инелерін жинап алып, орман шетінде тұратын тігіншіге барып, әдемі күртеше тіктіртіп алды.

Міне осыдан бері кірпі жаңа күртешесін үстінен тастамайтын болды.