Жаңбырдан қалған көлшіктен бір айдарлы әтеш су ішіп тұр екен. Оны сырттан бақылап тұрған сол үйдің күшігі жақындап:
-Осы сен су ішкенде мен қатты қызғанамын. Өйткені, сен судың бір тамшысын аузыңа апарасыңда, басыңды көкке көтеріп, көзіңді жұмасың. Мұның мәнесі не, түсіндірші деп өтініпті.
Сонда әтеш мақтанып «Ку-ка-ре-ку-у» - деп бір ышқынып, қанатын қағып- қағып алды да:
- Оның себебі былай, дейді, қоқоқтап. Бір тамшы су ішсемде, соған шүкіршілік етемін, көзімді жұмсам, барына рахаттанамын. Барыңды қанағат қылып, күн көрісіңе жарап жатса, одан бақа не керек.
- Күшік ұялғанан не айтарын білмей, үйшігіне зып етіп кіріп кетті де, бүк түсіп жатып алды.