Кері қайту
АЛАҚАННЫҢ ТҰРАҒЫ

Алақанның тұрағы,

Бас бармағым қырағы.

Балан үйрек тірегім,

Қамқор болып жүремін.

Ортан терекқарашы,

Барлығының ағасы.

Сылдыр шүмек келтесі,

Саусақтардың еркесі.

Кішкене бөбек жаны ізгі,

Жуас бала тәрізді.

Білесің бе? Саспайды,

Қиындықтан қашпайды.

Еңбек күнін адамның,

Саусақтары бастайды!