Кері қайту
САҒАТ, ТӘУЛІК, АПТА, АЙ...

Білесің бе, қарашы?

Бір сағаттың

минуты –

қанша екен санашы.

Қанша сағат

болады –

Бір тәуліктің арасы.

Бір аптада неше күн?

Неше ай бар –

бір жылда?

...Атаң қазақ ай – таңын,

Қарап айтқан жұлдызға.

Менің саған айтарым,

Сағатыңды тұрғызба!