Сұрап едім Дастаннан,

«5» алдым деп мақтанған...

 

Күнделігін қарасам,

Бір жұп және дара сан.

 

Жақсы баға көрмедім,

Өзді-өзімнен терледім.

 

Ерке бала десек те,

«Жүйрік екен» есепке.

 

Қосып айтқан бағасын,

Сәл ойлансаң табасың.