Жанымды жайлады,

Көктегі құс әні.

Жазымның жайдары,

Мейірімді құшағы.

 

Самалмен шарлаған,

Шалғындар ырғалып.

Гүл толы айналам,

Кеткендей нұрланып!

 

Санамда соншама-ай,

Толғандым,сыр ұғып.

Әр жанда болса ғой,

Жаздағы жылылық...