"Ұя"деген,төгілген,

Қандай шуақ сөз еді.

Өнебойы өрілген,

Мейірім-ау,өзегі.

 

Жүрек шіркін тулады,

Қарлығашты көргенде.

Үйректейін судағы,

Ойым сүңгіп тереңге.

 

Қағып сүйір қанатын,

Көк жүзінде зырлайды.

Балапанын салатын,

Ұя жасап,тынбайды.

 

Мәпелеген ата-ана,

Көз алдымда тұрады.

Көңіл тербеп жата ма,

Туған үйдің тұрағы.

 

Сол ғой ұям,ып-ыстық,

Сонда өсіппін мына мен.

Тербететін,тыныштық,

Әдемі еді бұл әлем...