Даланың жыр-әні,
Сыбдырлап құрағы.
Гүрілдеп өзені,
Сыңғырлап бұлағы.
Ән салып тұрады.
Қаңқылдап қаздары,
Қалықтап мәз бәрі.
Бұлбұлдың сайраған,
Төгілген сазды әні.
Оркестр секілді,
Күй тартқан жаздағы.
Ескен жел гуілі,
Араның дуылы.
Тыраулап тырналар,
Шегіртке шырылы.
Даланың әуені-
Тербетіп тұр үні.
Өрістен жамырар,
Әсем ән табылар.
Кісінеп тай -құлын
Қозы-лақ маңырар.
Тербеліп боз далам,
Бозторғай созған ән.
Бақасы барқылдап,
Боталар боздаған.
Даламның әуені-
Жан сырын қозғаған.
Даламның әуені
Осындай әні бар.