Кері қайту
Мен өзім

Тұра салып тісімді,

Тап-таза етіп тастаймын.

Көбейтем деп күшімді,

Жаттығуды бастаймын.

       

Әдебімді білемін,

Жамандықтан шектеймін,

Киімімді ілемін,

Шашып тастап кетпеймін.

 

Жарықты да сөндірем,

Суды барып тексерем.

Бұдан былай болды мен,

Үнемдеуді е скерем.

            

Айтқан ақылды ұғамын,

Жылы киім киінем.

Шат көңілмен шығамын,

Күнде ертең үйімнен.

                

Күнде кітап оқимын,

Нақыл сөзін теремін.

Көкейіме тоқимын,

Ұмытпаймын дерегін.

        

Бағып-қаққан ата-анам,

Үміті ертең ақталар.

Мықты азамат атанам,

Бүкіл қазақ мақтанар.