Кері қайту
Әдептілік әліппесі

Өнегелі   жол ұқсаң,

Әдебіңді  дәлелдер.

Жасы үлкенге жолықсаң,

Бірінші  боп  сәлем бер!

                 

Жасамас үшін ағаттық,

Тыңда ақылды, қабылдап,

Алдында ішер тамақтың,

Қолыңды жу сабындап.

                                  

Кітап оқы, ерінбе,

Ой-санаңды өсіріп.

Теледидар көруге,

Көп отырма тесіліп.

                 

Үлкендердің сөзіне,

Араласпа, айтпаса.

Ұят болар өзіңе,

Қылығыңды байқаса.

                   

Жолы болар адалдың,

Қия баспай,жүр абай.

Затын бөтен адамның,

Пайдаланба сұрамай.