Кері қайту
Тұсаукесер

Қаз, қаз балам десіпті,

Күрмеуіңді шешіпті.

Ала жібін ешкімнің,

Аттама деп кесіпті.

       

Қаз,қаз басып келер деп,

Қадамына сенер көп.

Тоқ ішекпен кесіпті,

Тоқшылыққа кенел деп.

   

 Қуанышқа бөленбек,

 Әр қадамы еленбек.

 Көк шөппенен кесіпті,

 Көктеп өсіп, көгер деп.

 

Тұсауыңды кесейік,

Күрмеуіңді шешейік.

Алға қадам баса ғой,

Азамат бол,есейіп.

 

Кел, қатарға, қосыл да,

Жүгір енді,тосылма.

Қаз,қаз айтып алдыңнан,

Ел қуанып тосуда.

 

 Шаттандырған  күніңде,

 Қадам басып күлімде,

Жолың ашық болсыншы,

 Ешқашанда сүрінбе.

 

Р S           Дәстүрге бай халқым бар,

                 Аласармас  даңқым бар.

                 Бабалардан жалғасқан,

                 Тұсаукесер салтым бар.