Бірлігіміз жарасқан,
Арманымыз тау асқан.
Туған жердің шыңдары,
Көк аспанмен таласқан.
Аймалаған күн нұры,
Лайланбасын тұнығы.
Берік болсын мәңгілік,
Тәуелсіздік тұғыры.
Ел мерейі еңселі,
Жарқын өмір – ертеңі.
Айналғандай шындыққа,
Бір ғажайып ертегі.