Қатысушылар:
Торғай
Қоян
Қызғалдақ
Балық
Мұғалім
Болат
Жанат
Биология сабағы жүріп жатқан кез. Есік қағылып, ішке
Бозторғай, Қоян, Қызғалдақ, Балық кіріп келеді.
Мұғалім. Иә, келіңіздер, бұйымтайларыңызды айта отыры-ңыздар?
Бозторғай. Мұғалім, біз сіздің алдыңызға келіп отырмыз. Шәкірттеріңіздің арасында Болат, Жанат деген балалар бар ма?
Мұғалім. Иә, бар. Қане, Болат, Жанат, орындарыңнан тұрың-дар. (Аты аталған балалар тұрады.) Енді тақта алдына келің-дерші.
Олар тақта алдына шыға бергенде, Бозторғай, Қоян, Қызғалдақ, Балық – төртеуі «Міне, осылар бізге зиянкестік
жасады» деп, әлгі екеуіне бас салады.
Мұғалім. Араша, араша! Тоқтаңыздар, сабыр етіңіздер. Алды-мен маған істің анығын түсіндіріңіздерші. Бұлар сіздерге не іс-теді?
Қызғалдақ. Бұл сұмдар бізді таптағандарымен қоймай, құрбы-ларымыздан айырды!..
Қоян. Көжектерімді мүгедек етті!..
Болат, Жанат. Қалайша?!
Балық. Біздің денсаулығымызды, асқазанымызды құртты!..
Болат, Жанат (таңдана). Мүмкін емес!..
Бозторғай (шыр-пыр етіп). Бұл бұзақылар біздің ұрпағымызды жойды!..
Болат, Жанат (көздері шарасынан шыға, алақ-жұлақ етіп). Мұның бәрі жалған, сенбеңіздер!..
Төртеуі (бірден). Сонда біз... Өтірікші, жалақор болғанымыз ба?! О, безбүйректер!.. (Бәрі тағы тап бермек болады.)
Мұғалім. Араша, араша! (Олар тынышталған соң) Сіздер сабыр сақтап, мән-жайды ашуға ерік бермей, жаймен айтып, тү-сіндіріңіздерші, өтінемін.
Қызғалдақ. Әңгімені жаймен, ретімен түсіндірсек, былай. (Болат пен Жанатқа қарап) Бұлар кеше табиғат аясына серуенге шықты. Оларын біз құптаймыз. Келіңіздер, табиғаттың әсемдігі мен сұлулығына сүйсініңіздер. Рақаттанып демалыңыздар. Бұған біз қарсы емеспіз. Ал бұлар, табиғаттың сұлулығын бағалағаны былай тұрсын, келді де, гүлдерді көздері тоймай ретсіз көптеп жұла берді. Жұла берді. Рас қой? (Болат пен Жанат бастарын изеп, төмен салады.)
Қызғалдақ. Кейін оларды не істедіңдер?
Болат, Жанат. Солып қалғаннан кейін сол жерге тастап кеттік.
Қоян. Қолдарыңдағы босаған шөлмектерді тасқа ұрып сындыр-дыңдар. Рас қой? (Жанат пен Болат бастарын изейді.) Секіріп ойнақтап жүрген менің көжектерім сол шыны сынықтарына аяқтарын тіліп, жарақат алды. Табандарына кірген шыны сы-нықтарынан аяқтарын баса алмай, ақсаңдап жүр. (Жыламсырап) Енді олар мүгедек болып қалмай ма?!
Балық. Тамақ қалдықтары мен қағаз, целлофон сияқты қо-қыстарды көл айналасына шашып, ыбырсытып тастадыңдар. Рас қой. (Болат пен Жанат бастарын изеп, тағы құптайды.) Біздер суға батқан сол целлофандарды байқамай жұтып қойып, енді олардан қалай арыларымызды білмей жүрміз. Олар шірімейді екен. Ішкі ағзаларымызға жабысып, кептеліп, асқазанымызды құртты.
Бозторғай. Онымен қоймай, сендер көк шыбықтар мен өсіп тұрған ағаштарды сындырып, лаулатып от жақтыңдар. Бұл да рас қой. (Болат пен Жанат бастарын изеді.) Оттың шоғын өшірмей кеттіңдер. Жел әсерінен от қаулап шөптерге тиіп, бүкіл атырап өртеніп, жұмыртқаларым отқа пісіп, мен ұрпақсыз қалдым. (Ол тағы да шыр-шыр етеді.)
Мұғалім (басын шайқап, шәкірттеріне қарап, күйіп-пісіп). Бұларың дұрыс емес қой. Табиғатқа, сондағы тіршілік атаулыға обал жасапсыңдар. Бұл не деген масқара! Не деген жөнсіздік!
Болат, Жанат (күмілжіп). Біз бұлай болар деп ойламап едік.(Арызданушыларға қарап) Сіздерден кешірім өтінеміз. Енді табиғатқа шықсақ, бұлай жасамаймыз.
Мұғалім. Сендер екеуің ғана табиғатқа шығып, осындай зардап шектіріпсіңдер. Ал мына бүкіл сынып, мектеп болып барып, табиғатқа Болат пен Жанат сияқты немқұрайлы қарасаңдар не болар еді? (Үнсіздік). Оны елестетудің өзі қиын. Бетін аулақ қылсын. (Арызданушыларға қарап) Ал сіздер не дейсіздер? Болат пен Жанатты қалай жазалайық?
Қызғалдақ. Біз кекшіл емеспіз. Өздері алдымызға жығылып, кешірім сұрап жатыр ғой. Кешірмегенде не істейміз?
Қоян. Зардабы былай болар деп өздері де ойламаса керек. Енді табиғатқа шыққанда, тағам қалдықтары мен қоқыстарын шашпай жинап, жаққан оттарын өшіріп, гүлдер мен шөптерді бей-берекет жұла бермесе екен.
Балық. Бұл балалардың жүректеріне мейірім орнап, табиғатқа, жануарлар мен өсімдіктерге жанашарлықпен қараса екен.
Бозторғай. Табиғатты қорғап, оған қамқор болып жүрсе екен.
Мұғалім. Ал, Болат, Жанат (отырған шәкірттеріне қарап), балалар, сендер бұған не дейсіңдер? Табиғатты сендерге аманаттап жатыр ғой. Аманатқа қалай қарайсыңдар?
Болат, Жанат, сыныптағы барлық балалар орындарынан тұрып. Бұл оқиға бізге үлкен сабақ болды. Аманатқа – адал, табиғатқа қамқор болуға, серуенге шыға қалсақ, табиғат сәнін бұзбай, ұқыпты да жауапты болуға тырысамыз! Табиғатқа қорған болуға әзірміз!!!
Мұғалім. Бәрекелді! Сөздеріңде тұратындарыңа сенімдімін. Ал, осымен сабақ аяқталды.