Болса күннің жарығы,
Ағаштың бар тамыры.
Самғау үшін қағатын
Құстардың бар қанаты.
Көл – аспанның айнасы,
Өзеннің бар арнасы.
Тұлпардың бар тұяғы,
Ойдың ұшқыр қиялы.
Бар ауланың шарбағы,
Тастың да бар салмағы.
Шатыры бар үйіңнің,
Тыңда сөздің түйінін:
Қыс, көктем, жаз, күзі бар,
Өтер айлар, күн зырлап.
Түгі жоқ ел қызығар,
Жалқау бала кім болмақ?!.
Кері қайту
КІМ БОЛМАҚ?