Кері қайту
ТОРҒАЙ

Болар деп ол қыс қатты,
Жылы жаққа ұшпапты.
Бәлкім жылы ұясын
Жерұйыққа ұқсатты.
 
Ұшып-қонып жүреді,
Туған жерін сүйеді.
Өзі титтей болғанмен,
Үлкен екен жүрегі.